​Қазақстан Ұлттық Банкі банктерді нарықтық талаптармен кредиттеуде

0
1 342


​Қазақстан Ұлттық Банкі банктерді нарықтық талаптармен кредиттеуде

Қазақстан Ұлттық Банкі экономиканы кредиттеуге қолдау көрсету үшін БЖЗҚ-ның 200 млрд. теңгеге дейінгі сомадағы зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау жөніндегі бағдарламаны әзірледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ұлттық Банкінің сілтеме жасап.

Бағдарламаға меншікті капиталының мөлшері 60 млрд. теңгеден асатын банктер қатысады.

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін банктердің облигацияларына инвестициялау бағалы қағаз шығарылымының 50%-нан аспайтын мөлшерде Қазақстан қор биржасының сауда алаңында жүзеге асырылатын болады. Облигацияларды қосымша орналастыру шеңберінде, яғни басқа инвесторлардың міндетті қатысуымен ғана сатып алуға болады. Ұсынылған тетік нарыққа қатысушылардың облигациялар бойынша кірістіліктің нарықтық мөлшерлемелерін айқындауына және эмитенттерге шоғырлану тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы Бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге облигациялық бағдарламаға қатысуға ұсыныс жіберді, оған банктердің көпшілігі қызығушылық танытты. Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген облигациялық бағдарлама шеңберінде «Банк ЦентрКредит» АҚ алғашқы болып зейнетақы активтерінің есебінен Қазақстан қор биржасында 3,6 лет жыл өтеу мерзімімен және жылдық 12%-дық кірістілікпен облигацияларды орналастырды.