Қазақстан жол сапасы бойынша Африка мен Танзаниядан не үшін артта қалды – Министрлік жауап берді

0
1 000

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде Кения, Танзания сияқты елдерден кейін 93-орында.


Қазақстан жол сапасы бойынша Африка мен Танзаниядан не үшін артта қалды – Министрлік жауап берді

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жол комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Қазақстандағы жолдардың сапасы Кения мен Танзанияға қарағанда нашар деген рейтингімен келіспейтінін айтты, деп жазады stan.kz.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде Кения, Танзания сияқты елдерден кейін 93-орында.

Алайда министрлік өкілі Беков бұл рейтингіте Қазақстан 93-ші емес, 63-ші орында тұрғанын, және рейтинг тек сауалнамалар арқылы құрастырылғанын алға тартты.

"Мұндай сауалнамалар елді мекендердің барлық тұрғындарымен жүргізіледі. Яғни біреу кішігірім бір көшенің жолына көңілі толмаса, ол жалпы елдің жолы бойынша есептеліп кетеді. Сондықтан, бұл ақпараттарды іс жүзінде жарамсыз деп айтуға болады", - деді Беков.

Ол сонымен қатар еліміздегі жолдардың Африкадағыдан еш кем емес екеніне сендірді.

"Біз Кения мен мүлдем жолдары жоқ өзге елдерден артта емеспіз", - деп қосты ол.

Шенеуніктің айтуынша, ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарымен жалпыға ортақ пайдаланылатын 11 мың шақырымнан астам жолды қамту жоспарлануда. Нәтижесінде стандартты жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 92 пайызға дейін, жергілікті желіде 87 пайызға тіпті, одан да жоғары болады.