Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.
Антициклон: қай өңірлерде ашық ауа райы сақталады?
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болжанған.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.
Ауа температурасы қандай болады?
- Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы біртіндеп -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +5…+15 градусқа дейін көтеріледі.
- Шығыста түнде -3…-13 градус аяз, күндіз +3…+11 градустан -5…+5 градусқа дейін ауытқулар күтіледі.
- Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1 –3 градус үсік сақталады.
Қалған аймақтарда температурада аздаған ауытқулар болса да, елеулі өзгерістер күтілмейді.