Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіде жеке парақша аша алмауы мүмкін

0
260

​Президенттің кеңесшісі Meta өкілдерімен кездесті.


Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіде жеке парақша аша алмауы мүмкін

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстан президентінің әдеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой Meta компаниясының өкілдерімен кездесіп, біздің ел үшін күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәлірек айтсақ, Алексей Цой онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасының негізгі ережелерін талқылаған. Ол өз жазбасында мына екі мәселені ерекше атап өткен:

  • Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу:
  • онлайн-платформаларды тіркеу бойынша міндеттемелерді белгілеу және олардың жауапкершілігін күшейту.
«Meta тарапынан кездесуге Орталық Азия, Моңғолия, Шри-Ланка және Мальдив аралдары бойынша Public Policy бағытының жетекшісі мен өңірлік жария саясат менеджері қатысты», - деп жазған Цой.