Қазақстанда 2024 жылға дейін ақылы болатын тасжолдардың тізімі жарияланды

0
561

Ақылы жүйені енгізу кезең-кезеңмен жоспарланған.


Қазақстанда 2024 жылға дейін ақылы болатын тасжолдардың тізімі жарияланды

ERNUR.KZ.2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы барлық жолдың жартысына жуығы ақылы болады. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы болатын тасжолдардың тізімін жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Компанияның мәліметінше, ақылы жүйені енгізу кезең-кезеңмен жоспарланған.

"ҚазАвтоЖол" басшысы Ұлан Әліповтің айтуынша, ақылы жолдардың ұзындығын 11 мың шақырымға дейін жеткізу жоспарланған. Осы жұмыстарға 25 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр екен.

"Жоспарымыз бойынша келесі жылдың мамыр айына дейін 5800 шақырым жолды пайдалануға беру керек. Бұл бірінші кезең болады. Бұл қайта жөндеуден өткен жолдар. Ал қалған учаскелер құрылысы аяқталғаннан кейін енгізіледі", - деді Ұлан Әліпов.

2021 жылы ақылы болатын тасжолдар:

Орал-Ресей шекарасы (Саратов);
Қапшағай-Талдықорған;
Тараз-Қайнар;
Қызылорда-Шымкент-Тараз;
Шымкент-Өзбекстан шекарасы;
Ресей шекарасы (Орынбор) - Ақтөбе - Қызылорда;
Ақтөбе-Орал - Ресей шекарасы (Самара);
Павлодар - Ресей шекарасы (Омбы);
Нұрсұлтан-Қостанай-Ресей шекарасы (Троицк);
Ақтау-Бейнеу;
Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы;
Нұр-Сұлтан-Павлодар;
Павлодар-Семей-Қалбатау.

2022 жылы ақылы болатын тасжолдар:

Петропавл-Ресей шекарасы (Қорған);
Теміртау-Қарағанды (Қарағанды айналма жолы);
Щучинск-Зеренді;
Таскескен-Бақты;
Жетібай-Жаңаөзен.

2023 жылы ақылы болатын тасжолдар:

Құрты-Бурылбайтал;
Үшарал-Достық;
Қарабұтақ-Рудный-Қостанай;
Ұзынағаш-Отар.

2024 жылы ақылы болатын тасжолдар:

Қарағанды-Балқаш;
Балқаш-Бурылбайтал;
Күрті-Қапшағай;
Талдықорған-Өскемен;
Қалбатау-Майқапшағай;
Мерке-Бурылбайтал;
Атырау-Орал;
Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат-Доссор;
Атырау-Ресей шекарасы (Астрахан);
Подстепное-Федоровка-Ресей шекарасы.