Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар?

0
450

Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.


Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар?

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.

"Оның ішінде ерлер - 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер - 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында тұрады.

Сондай-ақ, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінгені белгілі.

Айта кетейік, жақында Қазақстанға "АИТВ жұқтырғандар" терминінен бас тарту ұсынылды. "АИТВ жұқтырған адам" дегеннің орнына "АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адам" деп жазуды ұсынады. Бұл өзгеріс БҰҰ-ның АИТВ мәселелері бойынша құжаттар мен заңнамада терминологияны қолдану жөніндегі ұсынымдарына сәйкес енгізіліп отыр.