Қазақстанда алдағы күндері 13 градус аяз болады: ауа райы болжамы жарияланды

0
188

Синоптиктердің болжамы белгілі болды.


Қазақстанда алдағы күндері 13 градус аяз болады: ауа райы болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде синоптикалық жағдайға Солтүстік антициклон әсер етеді, ол жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыста жаңбыр, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады», – делінген синоптиктердің болжамында.

Еліміздің басым бөлігінде түнгі ауа температурасының төмендеуі 5-13 градус аязға дейін күтіледі, ал батыс пен оңтүстікте 5-13 градус жылы болады. Күндіз негізгі температуралық фон 0-10 градус жылы, батыста 7-17 градус жылы, ал оңтүстікте 15–25 градус жылы шамасында сақталады.