Қазақстанда ауыр жүк тасығыш көліктер қозғалысы уақытша шектеледі

0
933

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында енгізіледі.


Қазақстанда ауыр жүк тасығыш көліктер қозғалысы уақытша шектеледі

ERNUR.KZ. Көктемде тасжолдардың конструктивтік элементтерінің жүк көтеру мүмкіндігі төмендейтіндіктен жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірлердің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты шектеу түрлі уақытта енгізіледі.

Атап айтқанда, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында және Қарағанды облысының Жезқазған өңірінің жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының жолдары ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысы үшін жабық болады.