Қазақстанда балағат сөз үшін айыппұл мөлшері өсті

0
734

Бұған дейін айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болған.


Қазақстанда балағат сөз үшін айыппұл мөлшері өсті

ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері өсті, деп жазады sputnik.kz.

6 наурызда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген, балағат сөз үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін түзетулер күшіне енді.
Бұған дейін айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болса, бүгіннен бастап – 20 АЕК (69 000 теңге).
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі былапыт сөздер үшін де жауапкершілік бар. Әлеуметтік желілерде айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.