Қазақстанда балаларға арналған екпеден бас тарту қиындай түспек

0
385

Енді вакцинация электронды түрде ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін ғана жүргізіледі.


Қазақстанда балаларға арналған екпеден бас тарту қиындай түспек

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу жобасына сәйкес Қазақстанда вакцинацияға электронды форматта келісім енгізу жоспарланып отыр, деп жазады stan.kz.

Енді вакцинация электронды түрде ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Техникалық ақаулар болған жағдайда растау сканерленген көшірме түрінде қабылданады. Мұндай келісімді науқастардың өздері немесе олардың заңды өкілдері береді.

Егер адам немесе оның заңды өкілі екпеден бас тартса, бұл да электронды форматта жазылады. Келісім беру немесе бас тарту туралы барлық деректер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Сондай-ақ аталмыш өзгерістер медицина қызметкерлерінің міндеттеріне де қатысты. Екпе алған адам қоңырау шалған жағдайда, медицина қызметкері дереу қажетті медициналық көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызуды ұйымдастыруы керек.

Вакцинациядан кейін науқаста екпенің жанама әсері пайда болса медицина қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшесіне және мемлекеттік сараптама ұйымына жедел электрондық хабарлама жіберуге міндетті.

Техникалық ақаулар туындаған жағдайда хабарламаның сканерленген нұсқасы да жарамды болып есептеледі.