18 мамырда әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толды.
ERNUR.KZ. Ұлттық банк Street art. Batyr beinesi коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп жазады sputnik.kz.
"18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толды. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары "Қазақстанды монеталар арқылы таны" атты жаңа серияны ашады", - делінген хабарламада.
Street art. Batyr beinesi жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл – Ұлттық банктің стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы.
Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының "Батыр бейнесі" граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасымен оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы Ұлттық банке өтеусіз негізде берілді.