Қазақстанда базарлар саны азайып келеді

0
263

Елімізде соңғы бес жылда базар саны 18,2% қысқарған.


Қазақстанда базарлар саны азайып келеді

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 626 базар тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18 бірлікке кем, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстанда соңғы бес жылда базар саны 18,2% қысқарған (2019 ж. – 765 бірлік). Базарлардың 69,2% қалалық жерлерде орналасқан.
Базар саны ең көп өңір:
Түркістан облысында – 106;
Ақтөбе облысында – 57;
Алматы облысында 56-сы тіркелген.
Базар саны ең аз өңір:
Ұлытау облысында – 7 бірлік.
Мәмілелер көлемі бойынша базарлардың 584 бөлшек, 42-сі көтерме саудамен айналысады. Сондай-ақ базардың 333-і жабық жайда орналасқан.