Қазақстанда билет алып-сатарларын қатаң жазалау ұсынылды

0
1 249

"Қазақстан Темір жолы" басшыларының ойынша, алып-сатарлар теміржол билеттерін сататын жекеменшік агенттіктермен жең ұшынан жалғасып отыр.


Қазақстанда билет алып-сатарларын қатаң жазалау ұсынылды

ERNUR.KZ. Алып-сатарларды жазалауды күшейту қажет, деді кеңес барысында "Қазақстан темір жолы" АҚ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, деп жазады Zakon.kz.

- Алып-сатарлар билет сататын жекеменшік агенттіктермен жең ұшынан жалғасып отыр деп ойлаймыз. Бізде теміржол билеттерін сататын 244 касса бар, ал тағы 500-ден астам касса – жекменшік агенттіктердікі. Билеттерді сатып алып, сосын қайта сататын солар. Алып-сатарлардың жазасын күшейтуден басқа амал жоқ, басқаша тоқтата алмаймыз оларды, - деді Әлмағамбетов.

Ол 1 шілдеден бастап компаниялардың "Мобиус" жүйесіне көшкенін еске салды.

- Ескі "Экспресс" автоматты басқару жүйесінде солқылдақ тұстар көп болған. Ал жаңа "Мобиус" жүйесінде билеттерді заңсыз сату әрекеттеріне тосқауыл қою мүмкіндігі бар. Бұрын алып-сатарлар сұранысы жоғары болатын бағыттардың билеттерін 45 күн бұрын сатып алатын. "Мобиус" жүйесі жылдам арада қайта сатуға мүмкіндік бермейді, - деп түсіндірді "ҚТЖ" басшысының бірінші орынбасары.