Қазақстанда бір жылда такси қызметі 12%-ға қымбаттады

0
665

Бағаның күрт өскенін Атырау облысының тұрғындары бірден сезді. Көрсеткіш 37,5%-ға өскен.


Қазақстанда бір жылда такси қызметі 12%-ға қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда бір жылда такси қызметі 12%-ға қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz.

Ең жоғары өсім Атырау облысында тіркелсе, екінші және үшінші қатарда Жетісу және Абай облыстары тұрды: сәйкесінше 33% және 31,2%.

Ең аз жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: бар болғаны 0,5%. Тағы үш облыста – Қарағанды, Түркістан және Ұлытауда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

2023 жылдың 14 ақпанындағы, Numbeo деректері сәйкес стандартты тариф бойынша 1 шақырым такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Египетте (0,16 доллар), Пәкістанда (0,19 доллар) және Беларусьте (0,2 доллар) тіркелді.

ТМД елдері арасында "арзан" елдердің алғашқы ондығына Армения мен Өзбекстан (әрқайсысы $0,26), Украина, Молдова және Ресей (әрқайсысы $0,27) кірді.

Такси қызметі Қазақстанда ($0,44) және Әзірбайжанда ($0,59) қымбатырақ болып шықты.

Ең жоғары баға - Швейцарияда (4,25 доллар), Кувейтте (3,27 доллар) және Ямайкада (3,26 доллар) тіркелді.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі құндық мәнде жылына 16%-ға өсіп, 5 млрд теңгеге жетті.

Ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында байқалды, бұл саладағы компаниялардың кірісі бір жыл ішінде 49,5%-ды құрап, 2,1 млрд теңгеге жетті. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (1,1 млрд теңге, + 0,2%) және Алматы (1 млрд теңге, - 0,9%) қалалары кірді.

Осы кезеңде такси қызметін 2,4 млрд жолаушы пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2%-ға аз.