Үкімет Астана мен Алматы қалаларының экологиялық мәселелерін кешенді шешудің жол картасын әзірлеп, бекіткені хабарланды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда электрмобиль иелеріне ақылы автотұрақтардан тегін орындар берілмек, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы министрдің міндетін атқарушы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәлі Мұқатаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
Үкімет Астана мен Алматы қалаларының экологиялық мәселелерін кешенді шешудің жол картасын әзірлеп, бекіткені хабарланды. Онда электрмобильдерге көшуді ынталандыру шеңберінде келесі шаралар көзделген:
- газ-моторлы отынмен және электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін қалалық қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне қарай дизель отынымен жүретін автокөлік құралдарын сатып алуды кезең-кезеңмен шектеу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана әкімдіктері);
- электрмобильдерге инфрақұрылымды дамыту және ынталандыру іс-шаралары (жауапты орындаушы - Алматы әкімдігі);
- "электрмобильдер тұрағы" арнайы белгісін әзірлеу және электромобильдер үшін тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда тегін орындар бөлу (жауапты орындаушылар - Алматы және Астана әкімдіктері).