Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша талаптарға өзгеріс енгізілді

0
92

Құжаттың күшіне ену мерзімін 2027 жылғы 1 қаңтарға шегеру ұсынылды.


Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша талаптарға өзгеріс енгізілді

Фото: ЖИ

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқыту мен білімді тексерудің жаңа қағидаларын қолданысқа енгізу мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Министрліктің мәліметінше, жаңа қағидаларға қатысты азаматтар мен ұйымдардан көптеген өтініштер келіп түскен. Осыған байланысты жұмыс берушілердің, оқыту ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары ескеріліп, құжаттың күшіне ену мерзімін 2026 жылғы 12 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру бастамасы көтерілді.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы №223 бұйрығымен оқу орталықтарына қойылатын талаптар, олардың тізбесін қалыптастыру тәртібі және мамандардың жекелеген санаттарын даярлау қағидалары жаңартылған болатын.

Министрлік жаңа талаптар күшіне енгенге дейін оларды әлеуметтік әріптестермен, кәсіподақтармен, жұмыс берушілермен және өзге де мүдделі тараптармен талқылауды жалғастырады. Талқылау нәтижесінде қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі.