Қазақстанда еңбекақы қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

0
612

Қазіргі уақытта еңбекақы қорынан мөлшерлемелері, есептеу базалары әртүрлі бірнеше төлемдер жүргізіледі.


Қазақстанда еңбекақы қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем енгізіледі, деп жазады Tengrinews.kz.

Бүгін палата депутаттары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр. Құжат Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді.

"Мемлекет басшысы былтырғы Қазақстан халқына Жолдауында жиынтық жүктемені азайта отырып, микробизнес және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлемді енгізуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта еңбекақы қорынан мөлшерлемелері, есептеу базалары әртүрлі бірнеше төлемдер жүргізіледі. Бұл төлемдерді бір төлемге біріктіру ұсынылды. Әлеуметтік аударымдар мөлшері қызметкерлерге төленетін болашақ төлемдерге әсер ететіндіктен, жүктемені жеке табыс салығы есебінен төмендету көзделіп отыр", - деді Ә. Қуантыров.
Оның айтуынша, бірыңғай мөлшерлеме міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді және әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің өсуін ескеретін болады.
"Төлемді арнаулы салық режимдеріндегі микробизнес және шағын бизнес субъектілері ерікті негізде қолданатын болады. Сома бірыңғай жиынтық төлем тетігіне ұқсас бөлінеді. Осы орайда бірыңғай төлем салықтар мен еңбекақы төлемдерін есептеуді жеңілдетіп қана қоймай, салық жүктемесін азайтуға да мүмкіндік береді", - деді министр.