Құжатқа сәйкес, рұқсат етілген сорттар есірткі немесе психотроптық заттар өндіруге арналмаған.
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Қазақстанда өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруге ресми түрде рұқсат берілді, деп жазады ulysmedia.kz.
Қазақстан үкіметі өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруге рұқсат беретін қаулы қабылдады. Қаулы мәтіні премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, рұқсат етілген сорттар есірткі немесе психотроптық заттар өндіруге арналмаған. Үкіметтің қаулысында:
- Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: қоса беріліп отырған есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары бекітілсін, – деп көрсетілген.
Өсіруге рұқсат етілген сорттардың саны – 218. Толық тізіммен премьер-министрдің сайтында танысуға болады. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.