Қазақстанда көлік құны шарықтайды

0
690

Халықаралық қақтығысқа байланысты елде сатылатын көліктер америкалық валюта өскен сайын қымбаттауы ықтимал.


Қазақстанда көлік құны шарықтайды

ERNUR.KZ. Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауы мүмкін. "Астана Моторс" бас директоры Бекнұр Несіпбаев осындай болжам айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, елдегі көлік құны доллар бағамына тәуелді. Халықаралық қақтығысқа байланысты елде сатылатын көліктер америкалық валюта өскен сайын қымбаттауы ықтимал.

"Бізде ескі бағамен сатып алынған отандық автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектердің біраз қоры бар. Ол бірнеше айдан кейін таусылуы мүмкін. Сол кезде теңге бағамына байланысты елде құрастырылған көліктердің де бағасы өседі деп күтілуде", – деп түсіндірді ол.

Владивосток (Ресей) арқылы логистикаға келетін болсақ, Несіпбаевтың айтуынша, жоспарлар әлі өзгерген жоқ. Барлығы әлемдік ойыншылардың шарттарына байланысты болмақ.