Жалған техникалық байқаудан өткені үшін көлік иелеріне айыппұл салынады.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда автокөліктерді техникалық тексерістен жалған өткізгендерге жауапкершілік қатаңдайтынын ескертті деп жазады Stan.kz.
Министрдің сөзінше, қазір Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізу жұмыстары жүргізілуде. Өзгерістер көліктерді міндетті техникалық тексерістен өткізу саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
"Осылайша, көлік құралынсыз техникалық байқаудан өткені үшін жауапкершілікті арттыру қарастырылуда. Жалған техникалық байқаудан өткені үшін көлік иелеріне айыппұл салынады. Сондай-ақ, "Техосмотр" БАЖ операторына жалған техникалық байқау жол бергені үшін айыппұл қарастырылған", - деді Смайылов.