Құжаттың басты мақсаты – борышкерлерді коллекторлардың заңсыз әрекетінен қорғау.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Елімізде алғаш рет коллекторлардың кәсіби этикасы туралы кодекс қабылданды, деп жазады inbusiness.kz.
Құжаттың басты мақсаты – борышкерлерді коллекторлардың заңсыз әрекетінен қорғау. Жаңа кодекс бойынша, коллекторларға қарыз алушының жеке деректерін таратуға қатаң тыйым салынады.
Сондай-ақ, өзі туралы өтірік айтуға болмайды және өндірілген қарызды қолма-қол ақша түрінде алуға құқы жоқ. Егер коллекторлар кодексті бұзса, онда әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін.