Қазақстанда көмір бағасы белгілі болды

0
97

Бүгінгі таңда мемлекет көмір бағасын реттемейді,


 Қазақстанда көмір бағасы белгілі болды

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов елімізде көмір бағасы қалай қалыптасқанын айтты, деп жазады baq.kz.

Министрлік коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірмен қамтамасыз етуге жауапты. Алайда бүгінгі таңда мемлекет көмір бағасын реттемейді, – деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Жолмағамбетов разрездегі көмір бағаларына тоқталды. Оның дерегінше, бүгінгі таңда «Шұбаркөл Көмір» - 9 мың теңге, «Қаражыра» - 8,7 мың теңге. «Майкубен-Вест» - 7 мың 800 теңге , «Шұбаркөл премиум» - 9 мың теңге.

Тұрар Жолмағамбетов көмірдің әлемдік нарықтағы бағасы туралы айтты.

Еуропалық нарықтағы бағаны алып қарасақ, онда көмір құны 100-110 доллар көлемінде. Осыған қарап біздегі бағаның 4 есе төмен екенін көреміз. Онымен қоса, отандық көмір көршілеріміз Өзбекстан, Қызғызстан және Ресейден де арзан. Сондықтан бізде қолайлы баға қалыптасты деп айтуға болады, – деді министрлік өкілі.