Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

0
90

Жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы және дауыл болуы мүмкін.


Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Фото: unsplash

ERNUR.KZ. Қазақстанға солтүстік-батыс циклон жаңбыр мен найзағай алып келеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 12, 13 және 14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсына отырып мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады.

Жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы және дауыл болуы мүмкін.

"Тек республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, республика бойынша желдің күшеюі, ал түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыста тұман түсуі күтіледі.Айта кетейік, еліміздің басым бөлігінде температураның аздап төмендеуі күтілуде:

  • батыста түнде 13-18°С, күндіз 23-31°С;
  • солтүстік-батыста түнде 8-20°С, күндіз 18-28°С;
  • солтүстікте түнде 10-17°С, күндіз 18-23°С;
  • оңтүстікте түнде 13-23°С, күндіз 27-37°С.
"Басқа аймақтарда температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін белгілі болғандай, Павлодар, Алматы, Атырау және Астана қалаларында бүгін, 11 тамызда күндіз және түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ) күтіледі.