Қазақстанда мемлекеттік мүлікті тым арзан бағаға сатуға тыйым салынды

0
96


Қазақстанда мемлекеттік мүлікті тым арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Фото: Depositphotos.com

ERNUR.KZ. Жоғары аудиторлық палата Қазақстанда мемлекеттік мүлікті төмен, символикалық бағаға сауда арқылы сату ресми түрде тоқтатылатынын мәлімдеді деп жазады stan.kz

Мұндай шаралар Жоғары аудиторлық палатаның 2016–2020 және 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарларының орындалу нәтижелерін тексергеннен кейін қабылданды. Аудиторлар қайта өткізілетін сауда-саттықтарда бағаның тым төмендеп кетуінен қорғайтын ұсынымдар әзірледі. Бұған дейін бағаны төмендету арқылы өткізілетін аукциондар кезінде заңда ең төменгі шек белгіленбеген. Соның салдарынан мүлікті символикалық бағаға сатып жіберу қаупі болған.

"Аудиторлар үшінші және одан кейінгі аукциондарда мемлекеттік мүліктің бағасы кепілдік жарнадан төмен болмауы керек деген ұсыныс жасады. Яғни енді мүлікті тым арзан, символикалық бағаға сатып жіберуге жол берілмейді. Нәтижесінде бұл норма заңнамалық түрде бекітілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ заңнамадан мемлекеттік мүлікті стратегиялық инвесторға тікелей сату тетігі толық алынып тасталды. Мұндай тәртіп активтерді конкурссыз сатуға мүмкіндік беріп, ашықтық қағидатына қайшы келгені айтылды.