Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

0
104

22 қазанда полиция өкілдері тексеру барысында қандай заңбұзушылықтар анықталғанын айтты.


Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанда "Қауіпсіз үй" профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді, деп жазады zakon.kz.

22 қазанда полиция өкілдері тексеру барысында қандай заңбұзушылықтар анықталғанын айтты.

"Құрметті азаматтар! Қазір бүкіл ел бойынша "Қауіпсіз үй" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Басты міндетіміз – әрқайсыңыздың үйде, аулада және көшеде өзіңізді қауіпсіз сезінуіңізді қамтамасыз ету. Осы уақыт ішінде полицейлер 170 мыңнан астам үй мен пәтерді аралады. Тексеру барысында сегіз мың адамның тіркеусіз тұрып жатқаны анықталды", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Сондай-ақ көршілерінен жиі шағым түсетін мекенжайлар да тексерілді. Ол жерлерде есірткіге мас күйде жүрген 400 адам анықталып, барлығы жауапкершілікке тартылды.

Ал Алматыда полицейлер есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Түнгі қатты дыбыстардың, көлік қозғалтқыштарының гүрілінің, үй терезелерінің алдында жасалатын қауіпті маневрлер мен дрифттің тұрғындардың тынығуына кедергі келтіретінін білеміз. Осындай екі мыңға жуық заңбұзушылықтың жолы кесілді", – деді Қабденов.

Екі апта ішінде жасөспірімдер арасында үш мың құқықбұзушылықтың алдын алу мүмкін болған. 337 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жіберілді. Онда оларға мамандар көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек, 45 мыңнан астам қару иесі тексеріліп, тіркелмеген 62 қару тәркіленді.

"Құрметті азаматтар! Егер құқықбұзушылықты немесе адамдарға зиян келтіруі мүмкін жағдайды байқасаңыз, бейжай қалмай, полицияға хабарлаңыз. Сіздің қоңырауыңыз біреуді қауіптен құтқаруы мүмкін. Қауіпсіз үй қауіпсіз ауладан, қырағы көршілерден және бір-бірімізге деген ортақ қамқорлығымыздан басталады", – деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

2026 жылғы 21 қазанда депутат Айжан Аймағамбетова елімізде әлі де жалғасып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. Соңғы бірнеше айда қоғамды дүр сілкіндірген бірқатар оқиға болды. Осыған байланысты депутат Ішкі істер министрлігіне жекелеген өңірлерде "Электрондық қорғау аймағы" пилоттық жобасын әзірлеп, сынақтан өткізуді ұсынды.