Зауыт 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмысты орындауға монополиялық жоғары баға бекіткен.
ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысындағы департаменті өңірлік прокуратура басшылығымен бірлесіп, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қызметін тексеру аясында АМӨЗ-дің өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланғанын анықтады, деп жазады Stan.kz.
Ведомство мәліметінше, зауыт 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмысты орындауға монополиялық жоғары баға бекіткен.
Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы процессуалды шешім қабылдау үшін Атырау облыстық прокуратурасына жолданды.
Өңірлік прокуратура "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 221-бабы "Монополистік қызмет" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Іс облыстық экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.