Қазақстанда сақтандыру полисі арқылы шетелдік көлікті жүргізуге тыйым салынуы мүмкін

0
904

Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасы қазір сенатта қаралып жатыр.


Қазақстанда сақтандыру полисі арқылы шетелдік көлікті жүргізуге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазір заңға тиісті өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп жазады exk.kz.

Kolesa.kz хабарлауынша, автокөлікті міндетті сақтандыру туралы заңының 10-бабына жаңа тармақ қосылады. Ол бойынша Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік бермейді. Яғни, сақтандыру полисін алу үшін көлік құралы біздің елде тіркеуден өткен болуы керек.

Халықаралық қозғалыста жүрген автомобиль деп саналатын автокөліктер мыналар:

  • Егер оны шетел азаматы немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ адам басқарса;
  • ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
  • Қазақстанда тіркелмесе;
  • Қазақстанға уақытша әкелінген болса.

Басқаша айтқанда, енді шетелдік автокөліктерге сақтандыру полисін рәсімдеу үшін машина не Қазақстанда тіркелуі керек, не шетел азаматының меншігінде және оның басқаруында болуы керек. Қазақстан азаматы шетелдік нөмірі бар автокөлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды. Сондай-ақ мұндай көлік құралын сақтандыру полисі арқылы саудаға шығаруға да мүмкіндік болмайды.

Қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда жүрген 100 мың шетелдік көліктің сақтандыру полисін жаңартуға тыйым салған еді. Бірақ, бұл тізімге Ресейде тіркеліп, Қазақстан азаматтары мініп жүрген машиналар енген жоқ. Жаңа жобаға қарасақ, жақында оларды да сақтандыруға тыйым салынатын секілді. Мұндай көлікті 200 мың теңге төлеп, жеңілдікпен заңдастыруға болады, ол үшін автомобиль сол рөлді болу керек және қылмыстық іздеуде жүрмесе болғаны.

Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасы қазір сенатта қаралып жатыр. Ол мақұлданатын болса президенттің қол қоюына жіберіледі.