Қазақстанда шетелдіктерге арналған визалар мен шақыруларды ресімдеу ережелері жаңартылды

0
226

Визалар бір мәртелі және көп мәртелі болып бөлінеді.


Қазақстанда шетелдіктерге арналған визалар мен шақыруларды ресімдеу ережелері жаңартылды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. СІМ мен ІІМ бірлескен бұйрығымен шақыруларды ресімдеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР-ға келуіне шақыруларды келісу, ҚР визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда көрсетілген.

Мәселен, визаны санаты, алушы, мәртелігі, қолданылу мерзімі, Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңі, беру негіздері және визаны беруге қажетті құжаттар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес анықталады.

Визалар бір мәртелі және көп мәртелі болып бөлінеді.

Бір мәртелі виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына бір мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат береді.

Көп мәртелі виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына көп мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат береді.

Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында болуына және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

Қазақстан Республикасының визалық жапсырмасын толтыру осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Визаларда түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып саналады.

Визаны электронды форматта толтыру ВКП арқылы жүзеге асырылады.

Визалардың орнына жүретін құжаттар мыналар:

  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің басшыларына, персонал мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген аккредиттеу куәлігі;
  • шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты;
  • азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  • соттың шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы қаулысы;
  • жол жүру құжаты.

Осы Қағидаларда қарастырылғаннан басқа халықаралық өзара түсіністік қағидатын ескере отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі Қазақстан Республикасының азаматтарының болу мемлекетінде болу мерзімінен аспайтын ұзақ мерзімді визалар берілуі және виза ресімдеу мерзімі ұзақ уақыт болуы мүмкін.

"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу", "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызметтерді алушылар жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады, "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметті алушылар жеке тұлғалар болып табылады.

Шақыруларды рәсімдеу

Ережелер виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу тәртібін айқындайды.

Жеке істер бойынша шақыру Қазақстан Республикасына визаны алушының болжамды келу күніне 1 (бір) жылдан ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Шақыруды қарау мерзімі осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірген күннен бастап электронды түрде қызмет көрсету кезінде – 3 жұмыс күнінен және қағаз түрінде – 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

ҚР ІІМ және ҚР СІМ нұсқауы бойынша шақыру құжаттары қысқа мерзімде қабылданады және өңделеді.

Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кестені қоса отырып вербалды нотаны ҚР СІМ-ге ұсынады.