Қазақстанда суға түсу маусымы басталды: Қандай шектеу шаралары енгізілмек

0
681

Қазір елде бас санитарлық дәрігердің қаулысы бар және барлық азаматтар бұл шараларды орындауға міндетті.


Қазақстанда суға түсу маусымы басталды: Қандай шектеу шаралары енгізілмек

ERNUR.KZ. ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов Қазақстанда жазғы демалыс кезінде карантиндік шаралар күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Оның айтуынша, қазір елде бас санитарлық дәрігердің қаулысы бар және барлық азаматтар бұл шараларды орындауға міндетті.

"Барлық санитарлық талаптарды орындайтындарға шектеу қойылмайды. Бұл барлық кәсіпкерлерге де қатысты. Ashyq бағдарламасы арқылы демалыс орындары шектеусіз жұмыс істей алады. Сондай-ақ вакцина алғандарға да демалыс аймақтарына кіруге рұқсат беріеді. Сондықтан, әзірге ешқандай шектеулер жоқ", - деді вице-премьер.

Ералы Тоғжановтың хабарлауынша, қазір үкімет Ashyq жүйесін пайдаланып, қоғамдық орындарға кіру ережелерін бұзған азаматтарға айыппұл салу мүмкіндігін қарастыруда.