​Қазақстанда талапкер 25 балмен грантқа оқуға түсті

0
1 539

Сипаттамаға қарағанда, квоталар Қазақстан Республикасы азаматы емес, этникалық қазақтарға бөлінген.


​Қазақстанда талапкер 25 балмен грантқа оқуға түсті

ERNUR.KZ.2018 жылы білім беру гранттарын қазақ диаспорасының 862 өкілі алды, деп жазады tengrinews.kz.

Сипаттамаға қарағанда, квоталар Қазақстан Республикасы азаматы емес, этникалық қазақтарға бөлінген.

ҚР азаматы емес этникалық қазақтардың ең жоғары балы 133 екен, мұндай көрсеткішке екі талапкер қол жеткізген. Олар "Жалпы медицина" және "Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру" мамандықтары бойынша білім алады.

Диаспорада ең төменгі балл 25 және 26. 25 балл жинаған түлек "Дене шынықтыру және спорт" мамандығына грантқа түсті. 26 балл алған талапкер болса "Мектепке дейінгі оқыту" мамандығын таңдаған. Грант алғандардың қатарында 27, 29, 31 және 33 балл жинағандары бар.

132, 129 және 128 балл алған бірнеше түлек тіс дәрігері мамандығын таңдап отыр екен.

Еске салайық, бүгін, 6 тамызда биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған.