Қазақстанда тамыз айы жауынмен басталады

0
125

Циклонның әсерінен Қазақстанда жаздың ыстық күндері жаңбырлы, найзағайлы ауа райымен ауысты.


Қазақстанда тамыз айы жауынмен басталады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады baq.kz.

Синоптиктер ұсынған мәліметке сәйкес, циклонның әсерінен Қазақстанда жаздың ыстық күндері жаңбырлы, найзағайлы ауа райымен ауысты. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың бәсеңдеуі байқалады.

Алдағы күндері циклон жылдамдығы баяу болғандықтан, еліміздің басым бөлігіне әсерін сақтап қалады – жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін, – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон жылжып келе бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 15-20 градусқа дейін төмендеуіне себеп болады.