Осыған байланысты "Қазтелерадио" кешірім сұрайды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық теле-радиоарналар жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлады теле-радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор – "Қазтелерадио" АҚ.
Ақпаратқа сәйкес, радио және телеарналардың жұмысы 03.00-ден 17.00-ге дейін тоқтатылады.
"Қазтелерадио "АҚ спутниктік және эфирлік телевизиялық және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телевизиялық және радио сигнал жойылады", — делінген хабарламада.
Осыған байланысты "Қазтелерадио" уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Дереккөз: sputniknews.kz.