Сондай-ақ бұл картамен казино және букмекерлік кеңселерде төлем жасау мүмкін болмайды
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. 2025 жылдың екінші жартысында Қазақстанда темекі мен алкоголь сатып алуға шектеуі бар банк карталары пайда болуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«2025 жылдың екінші жартысында банк жеке және заңды тұлғалар үшін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, шариғат қағидаттары мен нормаларына сәйкес темекі сататын арнайы дүкендерде транзакциялар шектелетін төлем картасын ашу мүмкіндігі жоспарланған. Сондай-ақ алкоголь, казино, букмекерлік кеңселер, бейне ойындар үшін де төлем болмайды», - деп жазған «Заман банк» ислам банкі.