Оңай пайда табуды көздегендер еліміздің 12 қаласынан пәтерлерді жалға алып, оны порностудияға айналдырған.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Өскеменде порнография түсіріп, оны сатумен айналысқан қылмыстық топқа сот үкім кесті. Судья 14 адамға үш жыл мен бес жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазады Stan.kz.
Оңай пайда табуды көздегендер еліміздің 12 қаласынан пәтерлерді жалға алып, оны порностудияға айналдырған. Осылайша өздері жыныстық қатынастағы бейнероликтерге түсетін адамдарды тауып, материалдар әзірлеп келген. Ал оны көргісі келгендер ақша төлеп, сатып алып отырыпты. Ақыры оларды арнайы жасақ дәл қылмыс үстінде қолға түсірді.
Сот алдына жеткізілген 14 адам кінәсін толық мойындады. Ал судья үкім шығарғанда олардың жеке басындағы жазаны жеңілдететін мән-жайды ескерген.
“Мемлекеттік айыптау сотқа сотталушылардың айыпталған қылмысқа қатысы бар екені туралы бұлтартпас дәлелдерді ұсынды. Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесінің кінәсі толық дәлелденген деп таныды. Оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне еңген жоқ”, – деді ШҚО прокурорының көмекшісі Бақытжан Қамалханов.


