ERNUR.KZ. Жиыны 40718 түлек тестілеуді қайта тапсыруға ниет білдірген. Сондай-ақ, олардың қатарында кешенді тестілеуден өтетіндер бар.
Түлектердің 11-і сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беріп көрмек. Министрліктің хабарлауынша, ҰБТ-ның екінші кезеңі мен кешенді тестілеуді өткізу үшін еліміз бойынша 40 базалық университет таңдалған.
Еске салсақ, ҰБТ-ны қайта тапсыратын түлектер 2242 теңге төлеуге міндетті. Ал апелляция өтініштері тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданып, бір күн ішінде қарастырылады.