Қазақстанда ызалы және ауру иттерді өлтіріп отырады

0
780

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы айтылған.


Қазақстанда ызалы және ауру иттерді өлтіріп отырады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары бұралқы иттердің санын қысқарту туралы заңды қарастырады, деп жазады stan.kz.

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы айтылған.

Заңдағы негізгі нормалар:

  • жануарларды есепке алудың бірыңғай электрондық базасын орталықтандыру;
  • жануарды уақытша ұстау орнына орналастырғанға дейін жануардың иесіне одан бас тартуға тыйым салуды белгілеу,
  • сондай-ақ жануардың иесіне оны далаға тастамай, уақытша ұстау орнына өткізуді міндеттеу;
  • жануарлар агрессия танытып, шабуылдаған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың осындай оқиғаларға шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру міндетін белгілеу;
  • ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін, зооқорғаныс ұйымдары мен өзге де тұлғалар тарапынан орнастырылмаған және талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін, егер олар бұралқы иттер болса 15 күн ішінде, ал егер олар қараусыз қалған жануарлар болса 60 күн ішінде эвтаназия қолдану.