Қазақстанда Жаңа жыл кештерін өткізуге рұқсат бар ма

0
451

Денсаулық сақтау министрі Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында әлемде қазір балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаны 5 жастан бастап салу мәселесі пысықталып жатқанын мәлім етті.


Қазақстанда Жаңа жыл кештерін өткізуге рұқсат бар ма

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында алдағы Жаңа жыл мерекесін көпшілікпен тойлау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Дәл қазір аймақтың эпидемиологиялық мәртебесіне қарай шектеулер бар. Біз бүгінде түрлі шараларды ашуға рұқсат бердік. Ол үшін азаматтардың «жасыл» мәртебесі болуы керек. Шара өтетін мекемелердің ұжымын да, шараға қатысушы азаматтарды да қорғау үшін осындай шарт қойылып отыр. Біздің міндетіміз – әлеуметтік байланыстарды да, экономиканы да кезең-кезеңмен ашу және кеңейту. Сондықтан, Ashyq жүйесі арқылы жолға қойылған тетік бар. Осы бойынша біртіндеп шектеу шараларын жеңілдете беруді жоспарлап отырмыз», - деген министр Жаңа жыл қарсаңындағы корпоративтік кештерді өткізуге теориялық тұрғыда мүмкіндік бар екенін атады.

«Теориялық тұрғыда бұл – мүмкін. Қазір 50 адамға дейін қоғамдық жиындар мен шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Яғни, қазірдің өзінде ол мүмкін», - деп жауап берді ол журналист сауалына.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында әлемде қазір балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаны 5 жастан бастап салу мәселесі пысықталып жатқанын мәлім етті.

Оның айтуынша, екпеден кейінгі қайғылы жайттардың себебі – сәйкестік.