Қазақстанда жеке сот орындаушылар қызметінің ақысы екі есе төмендеді

0
1 783

Үкіметтің бұған дейінгі қаулысына өзгерістер енгілді.


Қазақстанда жеке сот орындаушылар қызметінің ақысы екі есе төмендеді

ERNUR.KZ. Үкіметтің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен "жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 4 мамырдағы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады Stan.kz.

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан және өзге де атқарушылық құжаттардан босату бөлігінде екі есе азайтылды:

  • жеке тұлғалардан 10 АЕК (27 778 теңге);
  • заңды тұлғалардан 20 АЕК (55 560 теңге).

"Баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушы мен борышкерге тең үлестермен жүктеледі. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтініш жасаған тараптан өндіріп алынады. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеген және талап қоюдан бас тартылған тұлғадан өндіріп алынады. Талап қанағаттандырылған жағдайда жеке сот орындаушысының талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша қызметіне ақы төлеу өзіне қатысты қамтамасыз ету шаралары қабылданған тұлғадан өндіріп алынады", - делінген қаулыда.