Қазақстанда жекелеген студенттерге ЖОО ауыстыруға тыйым салынбақ

0
116

Басқа ЖОО-ға ауысу үшін студенттің академиялық қарызы болмау қажет.


Қазақстанда жекелеген студенттерге ЖОО ауыстыруға тыйым салынбақ

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда "әлеуметтік балл" енгізу аясында кей студенттерге жоғары оқу орнын ауыстыруға тыйым салынбақ, деп жазады stan.kz.

Басқа ЖОО-ға ауысу үшін студенттің академиялық қарызы болмау қажет.

"Бұйрық жобасына мынадай өзгерістер енгізу жоспарланып отыр: 1, 17, 18, 23, 24, 29, 30, 32, 46, 50, 65-тармақтарына редакциялық түзетулер енгізу, сондай-ақ 30 бен 35-тармағына жасанды интеллектке қатысты талаптарды қосу көзделген. Академиялық қарыз болған жағдайда білім грантын басқа ЖОО-ға аударуға болмайды", – делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасында.

Құжатқа сәйкес, 40-тармаққа оқу жетістіктерімен қатар студенттің қоғамдық, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын ескеретін әділ және объективті бағалау жүйесін құру туралы ережені енгізу ұсынылады. Ал 55-тармаққа жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты ережелерді енгізу жоспарланды.

"Бұйрық жобасының мақсаты – студенттердің қоғамдық өмірге және волонтерлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік орташа баллды енгізу. Студенттердің оқу жетістіктерінен бөлек олардың қоғамдық белсенділігі, ғылыми-зерттеу дағдылары, облыстық және республикалық деңгейдегі волонтерлік қозғалыстарға қатысуы ескеріледі", –делінген құжатта.