Қазақстанда жел, шаңды дауыл және тұман болады

0
2 026

Астанада түнде және ертеңгісін тұман басады.


Қазақстанда жел, шаңды дауыл және тұман болады

ERNUR.KZ. 10 қазанда Астанада және Қазақстанның 12 өңірінде ескерту жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Астанада түнде және ертеңгісін тұман басады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні секундына 25 метр болады.

Түнде 10-12 қазанда Жамбыл облысыныңтаулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 10-12 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр, 10-11 қазанда екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Түнде 10-12 қазанда таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 10 қазанда екпіні секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші секундына 15-20 метр болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз таулы аудандарда секундына 23 метр болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады. Түркістан қаласында 10 қазанда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Атырау қаласында күндіз 10 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады, күндіз 15-20, облыстың шығысында кей уақытта екпіні секундына 25 метр болады. Ақтауда 10 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең секундына 15-20 метр боладыбатысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 10 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Оралда 10 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.