Қазақстандағы ауруханалардың бірінде 758 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

0
667

Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды.


Қазақстандағы ауруханалардың бірінде 758 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

ERNUR.KZ. "Антикор" ұйымының ресми өкілі Арман Тілеукенов 24 қаңтарда өткен апталық брифингте Жамбыл облысындағы қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепшісіне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Арман Тілеукеновтың сөзінше Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Залал сомасы 758 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.