Қазақстандағы киік санын тиімді реттеу жайы Абу-Дабиде талқыланды

0
174

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) өкілі Дауди Сумбамен кездесті.


Қазақстандағы киік санын тиімді реттеу жайы Абу-Дабиде талқыланды

ERNUR.KZ. Кездесу Қазақстандағы киік популяциясының жай-күйі, қорғау бағдарламаларын, халықаралық ынтымақтастықты қоса алғанда, 2003 жылдан бастап жүзеге асырылған шаралар барысы талқыланды, деп жазады inbusiness.kz.




Сондай-ақ өнімді бақылау және қадағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап мыналарды қамтамасыз ететін: айналымның толық ашықтығын, нарыққа заңсыз дериваттардың түсуіне жол бермеуді, экспорт кезеңіне дейін әрбір дананы тіркеуді және қадағалауды, халықаралық аудиторларды тарту мүмкіндігін, ел ішінде қайта өңдеуді тек дайын экспортпен дамытуды қамтамасыз ететін DataMatrix (GS1) технологиясын пайдалана отырып, киік мүйізін және олардың туындыларын таңбалаудың ұлттық цифрлық жүйесін ұсынды.

Министрлік ашық ынтымақтастыққа дайындығын, халықаралық міндеттемелер мен биологиялық әртүрлілікті орнықты сақтаудың жалпы мақсаттарын атап өтті.