Мәжіліс отырысында ведомство басшысынан журналистер футбол бапкері Станислав Черчесовпен байланысты әйгілі дауға қатысты пікір сұрады.
Фото: Pedja Milosavljevic/DeFodi Images via Getty Images
ERNUR.KZ. Мәжіліс отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елдегі спорт федерацияларына пресс-конференцияларға дұрыс дайындық жүргізіп, арнайы аудармашылар алуды тапсырды, деп жазады stan.kz.
Мәжіліс отырысында ведомство басшысынан журналистер футбол бапкері Станислав Черчесовпен байланысты әйгілі дауға қатысты пікір сұрады.
"Шетелдік мамандарды шақырған кезде мемлекеттік тілді білуін негізгі талап ретінде қоймаймыз. Біздің басты талап – оның кәсіби деңгейі. Осы жағдайда федерация тарапынан аудармашы болуы керек еді. Бұрын мұндай жағдайлар болғандықтан федерация алдын ала дайын болуға тиіс еді. Біз федерацияларға осындай жағдайларға дұрыс дайындалуы үшін тапсырма бердік және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдық", – деп мәлімдеді министр Мырзабосынов.
Өз кезегінде журналистер Ербол Мырзабосыновтан спорт министрлігі ұлттық мүддеге дұрыс басымдық бере алмай, сол арқылы шетелдік маман тарапынан немқұрайлылық жіберіп қоймады ма деп жауап алды.
"Бұған дейін ол өз қателігін мойындап, бәрін түсінгенін айтты. Келешекте федерациялар шетелдік мамандарды шақырған кезде осы олқылықтарды ескеруі керек", – деп түйіндеді министр.
Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні "сен француз тілінді сөйлеп тұрсың ба?" деп келемеждегені туралы жазған едік. Осы әрекеті үшін Станислав Черчесовке 738 мың теңге айыппұл салынды. Кейіннен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Станислав Черчесовтың қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті келемеждеуіне қатысты пікір білдірді. Мырзабосынов оның халықаралық деңгейдегі танымал футболист әрі 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы екенін атап өтті.