​Қазақстандық 25 ЖОО халықаралық рейтингке енді

0
1 209

Британдық рейтингілік агенттіктің сарапшылары 26 мемлекеттің оқу орындары арасында өзара салыстырмалы анализ жүргізген.


​Қазақстандық 25 ЖОО халықаралық рейтингке енді

ERNUR.KZ. Қазақстанның 25 жоғары оқу орны университеттердің «Quacquarelli Symonds QS» халықаралық рейтингінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік 300 ЖОО-сының қатарына енді, деп жазады ҚазАқпарат.

Британдық рейтингілік агенттіктің сарапшылары 26 мемлекеттің оқу орындары арасында өзара салыстырмалы анализ жүргізген.

«Үздік 300 ЖОО қатарына енген қазақстандық университеттер: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, Қазақ агротехникалық университеті және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Quacquarelli Symonds QS рейтингі келесі көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады: оқу орнының академиялық беделі, жұмыс берушінің беделі, оқытушы/оқушы коэффициенті, халықаралық зерттеу желісі, веб-эффект, философия докторы атағы бар қызметкерлер саны, халықаралық факультеттер мен халықаралық студенттердің болуы», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ университеттерді бағалау кезінде өзге рейтингтер барысында назарға алынбайтын критерийлер қарастырылған. Ол – зерттеу жұмыстары, оқыту, әлеуметтік жауапкершілік, жаңашылдықтарды енгізу, құрал-жабдықтар, қашықтықтан оқыту және ашықтық. Шығыс Еуропа және Орталық Азияның үздік 300 ЖОО-сы қатарынан табылған жоғары мектептер саны бойынша ресейлік ЖОО-лар көш бастап тұр. Екінші орында Түркия болса, (46 ЖОО), үшінші орында - Қазақстан (25 ЖОО).