Орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
ERNUR.KZ. Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтті, деп жазады Экспресс К.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) аргентиналық Себастьян Орасио Папескимен (18-3, 6 КО) жұдырықтасты.
Орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ бесінші раундта Мейірім қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов спорттық мансабында 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO белбеуін сәтті қорғады. Ал аргентиналық боксшы осымен төртінші мәрте жеңіліс тапты