Қазақстандық емші Ресей мен Украина соғысы қашан бітетінін айтты

0
1 014

Екі елдің арасындағы қақтығыс Қазақстанға пайда әкелмек.


Қазақстандық емші Ресей мен Украина соғысы қашан бітетінін айтты

ERNUR.KZ. Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова Ресей мен Украина арасындағы жанжал екі-үш күнде аяқталатынын айтты. Бұл текетіресте Ресей көп нәрседен ұтылады. Екі елдің арасындағы қақтығыс Қазақстанға пайда әкелмек, деп жазады exk.kz.

Танымал емші "Қасіретті қаңтар" оқиғасынан кейін түс көреді.

"Түсімде бір жерлерде соғыс болып жатыр. Көптеген ұлттың өкілдері елімізге келіпті. Құттықтап жатыр. АҚШ-пен Қазақстанның арасында мықты байланыс орнаған. Осындай шытырман оқиғалы түсті неге жоритынымды білмедім. Сірә, осы соғысқа көрінген болып тұр", - дейді емші.

Бағдагүл Лепесованың айтуынша, бұл соғыста Ресей жеңеді. Бірақ көп нәрседен ұтылады, қиын жағдайға түседі.

"Бұл жағдай біздің еліміз үшін қайырлы болады. Алпауыт елдер Ресейден бас тарта бастайды. Ресей сол елдерге шығу үшін Қазақстанды пайдаланады, яғни еліміз екі ортадағы көпір болады. АҚШ-тан ірі инвесторлар келеді. Олар Ресей мен Қытайға бәсекелес болады. АҚШ инвесторлары келгеннен кейін еліміздегі мұнай-газ саласындағы адамдардың еңбекақысы өседі", — дейді емші.

Сынықшының айтуынша, еліміздегі ірі мұнай кен орынын АҚШ-тың компаниялары сатып алады екен. Алпауыт елмен осылай қарым-қатынас беки түседі. Нәтижесінде еліміз үшін көптеген қайырлы іс жүзеге аспақ.

Бағдагүл Лепесованың айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғыс екі-үш күнде тоқтайды. Сонымен қатар, ол түсінде Украина Президенті Владимир Зеленскийді көргенін, әзірге ол орнынан қозғалмайтынын айтты.