Қазақстандық еріктілер мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды

0
697

Еріктілер Қостанай, Павлодар және Маңғыстау облыстарында болып қайтқан еді.


Қазақстандық еріктілер мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды

ERNUR.KZ. Республикалық қоғамдық бақылау тобының еріктілері Қазақстанның түрлі аймақтарындағы мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды. Бұл туралы бірлестіктің үйлестірушісі Саида Таукелева айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Қазақстанда осымен бірнеше ай бойы республикалық қоғамдық бақылау тобы жұмыс істейді, олар әр өңір тұрғындарының шағымдарын тексеретін еріктілер. Жақында еріктілер Қостанай, Павлодар және Маңғыстау облыстарында болып қайтқан еді.


"Ешкім де менің қайда баратынымды білмейді, сондықтан менің келетінім туралы ауруханадағыларға ешкім ескерте алмады. Дайындалуға мүмкіндік жоқ.

Алдымен біз Қостанай облысының Рудный қаласына бардық. Мәйітханаға барғым келетінін айттым. Бұл ғимарат 70-жылы салынған. Жөндеу кеңес заманында соңғы рет жасалған шығар", - дейді Таукелева.


Оның айтуынша, шілдеде мәйітхана толып кеткен, бос орындар болмаған.

"Біздің мәйітханалар мұншалықты мәйітке арналмаған, нақты сыйымдылығы тоғыздан аспайды. Ондаған мәйіт әкелгенде, елестетіп көріңіз... Ал олардың рәсімдерін жүргізу. Адамдар тәулік бойы жұмыс істейді", - дейді ол.


Саида Таукелева еріктілердің басты міндеті барлық проблеманы анықтап, оны жою екенін айтады Мысалы, Ақтау мәйітханасына рейд кезінде медициналық спирттің жоғын анықталған.



Саида Таукелеваның айтуынша, елдегі мәйітханалардың көбінде осындай жағдай. Енді ерікті Ақтөбе облысына баруды жоспарлап отыр екен.