Қазіргі уақытта гранатаның табылған жері тексерілуде.
ERNUR.KZ. Қаңтардың 19-ы күні әйел адам қоғамдық дәретхананы тазалап жатқан кезде гранатаға ұқсас зат тауып алған, деп жазады ulysmedia.kz.
«Табылған арнайы техника іс жүзінде құқық қорғау органдары қолданатын граната болып шықты», - делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта гранатаның табылған жері тексерілуде.
Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.