Қазақстандық гимнасшылар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

0
1 018

Қазақстан ұлттық құрамасы биыл 28 қазан – 6 қараша аралығында Ливерпульда (Ұлыбритания) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.


Қазақстандық гимнасшылар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Дохада (Катар) спорттық гимнастикадан өткен Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткеніндей, Нариман Құрбанов ат снарядында 14.800 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Мұнда иорданиялық гимнаст (15.255) жеңіске жетсе, қытайлық спортшы (14.600) қола медальға ие болды. Сондай-ақ, Милад Карими кермедегі жаттығудан 14.133 балл жинап, қола жүлдегер атанды.

Азия чемпионатында қазақстандық қыздар да жақсы өнер көрсетті. Қол тіреп секіруде Дарья Ясинская төртінші, Көркем Ербосынқызы алтыншы орынға табан тіреді. Осылайша, спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы биыл 28 қазан – 6 қараша аралығында Ливерпульда (Ұлыбритания) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Айта кетейік, Милад Карими өткен жылы Токио олимпиадасында бақ сынаған болатын.