Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға жеткен соң бірден жұмысқа кірісті – ТЖМ

0
556

Қазақстан құтқарушыларның жұмыс ауданы Герат қаласынан 25-30 км қашықта орналасқан.


Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға жеткен соң бірден жұмысқа кірісті – ТЖМ

ERNUR.KZ. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары Герат провинциясына келгеннен кейін түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазақстандық құтқарушылар үшін жұмыс ауданы Герат қаласынан 25-30 км қашықтықта орналасқан Наиброфи жері анықталды.

Ел билігінің айтуынша, бұл учаске ең қиын екенін атап өткен жөн. Дәл осы жерде хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп.

«Герат билігі құтқарушылардың жеделдігі үшін алғыс білдіріп, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңқалды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Герат маңында магнитудасы да 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісінің салдарынан 3 мыңға жуық адам қаза тауып, ондаған мың адам баспанасыз қалды. Сондай-ақ бүгін Ауғанстанда тағы да 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.

10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберді. Сонымен қатар 11 қазанда гуманитарлық жүктің бірінші бөлігі жіберілді.